Жасөспірімдердің ата – аналарына психологиялық көмек
Жасөспірімдік шақта (10-16 жас аралығы) балаларыңызға ата-ананың қолдауы, түсіністік танытуы өте маңызды. Осы кезде бала ағзасында салмақты физиологиялық өзгерістер болады.
- Ағзаның жыныстық қызметін реттейтін жаңа гормондар пайда болады, жыныстық жетілу процесі басталады.
- Жаңа гормондардың әсерімен жасөспірімнің жүрек – қан тамыр жүйесінде үлкен өзгерістер болады: қан қысымының деңгейлері, жүрек соғысының ырғағы өзгереді.
Ата-ананың міндеті – жасөспірімге ағзаның есею процесімен пайда болатын физиологиялық өзгерістерді жеңуге көмектесу
1 - Дұрыс ұстаным таңдау. Өз үміттеріңізді балаңыздың мүмкіндіктеріне лайықтаңыз.
Жасөспіріміңіздің кез –келген кеңесіңіз бен бұйрығыңызды сөзсіз қабылдайды және оны тез арада тіл алғыштықпен орындайды деп күтпеңіз. Алдын ала ол бағынады, тіл алады деп күтіп, сіз ойлағандай болмаса, стресске душар боласыз. Керексіз проблемалар мен жанжалдарды туындатпас үшін, өз үміттеріңізді балаңыздың мүмкіндіктеріне лайықтаңыз.
2 - Өз балалық шағыңызды еске түсіріңіз.
Балалық шақты еске түсіру – сізге балаңызды, оның мінез – құлқын, күйзелістерін түсінуге мүмкіндік береді.
3 - Жасөспірімді өз үлгіңізбен тәрбиелеңіз.
Жасөспірімдер ересектер тарапынан болатын кез –келген екіжүзділікті бірден сезеді. Сондықтан баладан талап етпес бұрын, өздері соған лайық іс –әрекет көрсету.
4 - Жасөспірімге көп кінә тағуға және үлкен үміт артпаңыз.
Бұндай моральдік жүк , үлкендерге де, балаларға да ауыр тиюі мүмкін.
5 - Жасөспірімге ақшаны бағалауды үйретіңіз.
Жасөспірімге міндетті түрде өз кәсібіңіз, бизнесіңіз туралы айтып отырыңыз. Ол табыстың қайдан келетінін, қайда кететінін, отбасылық бюджет қалай бөлінетінін түсінуі тиіс.
6 - Біртіндеп баланы өзі, өз қиындықтарын жеңуіне дағдыландырыңыз.
Өзі мақсаттар қойсын, және оған жету жолдарын өзі айқындасын. Балаңызға өз жолын өзі салуды үйретіңіз.
Колледж психологының құқығы мен міндеттері
Колледждегі психологиялық қызмет – әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала.
Колледждегі психологиялық қызметтің басты мақсаты – дамудың және оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақтауға арналған психологиялық жағдайларды қамтамасыз ете алатын, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық-педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру мен құру және жүргізу.
Қызметтің негізгі мәселелеріне кіретіндер:
әр жас кезеңінде балалардың тұлғалық интеллектуалдық дамуына қолдау көрсету, олардың бойында өзін тану және өзін жетілдіру қабілеттерін қалыптастыру;
-білім беру мекемелерінде әлеуметтік-психологиялық климаттың жағымды үйлесімді болуына қолдау көрсету;
-білім беру бағдарламаларын олардың мазмұны мен игеру тәсілдерін оқушылардың, тәрбиелеушілердің ақыл-ой және тұлғалық мүмкіндіктеріне бейімдеу мақсатында психологиялық қамтамасыз ету;
білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік жағдайды психологиялық талдау, негізгі мәселелерді айқындау және олардың туындау себептерін, шешілу жолдары мен құралдарын анықтау;
балалардың, жеткіншектер мен жастардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және жеңе білу ;
мамандардың кәсіби іс-әрекетіне, білім беру бағдарламалары мен жобаларына, оқу-әдістемелік құралдарға психологиялық сараптама;
үздіксіз білім беру процесінде бір сатыдан екінші сатыға ауысу кезіндегі психологиялық — педагогикалық жағдайларды әзірлеу және жасау;
білім беру тәжірибесіне психология ғылымының жетістіктерін енгізу мен оларды таратуға қолдау көрсету;
білім беру жүйесі мамандарының іс-әрекетін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
Колледж психологының құқықтары мен міндеттері және жалпы ережелер, колледж психологының негізгі қызметтік мәселелері туралы арнайы оқулықтардан оқып-біле аласыздар (Берілген әдебиеттер тізімін қараңыз).
Ал кейбіріне қысқаша тоқталсақ…
Колледж психологының құқықтары мен міндеттері. Колледж психологының құқықтық мәртебесі
Колледж психологы – жоғары психологиялық білімі бар маман.
Қызметтік кесімді айлық, еңбек демалысының ұзақтығы, педагогикалық жүктеменің тарифтелген көлемі ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттарына сәйкес белгіленеді.
Психолог қызметі санаттар негізінде (19 дан 16-ға дейінгі дәреже) әрбір колледжге – білім беру мекемесіне кем дегенде бір психолог болып тағайындалады. 500-ден астам тәрбиеленушілері бар білім беру мекемелерінде психолог мамандардың саны көбейтіледі.
Колледж психологының жұмыс тәртібі колледж жалпы тәртібіне сай болуы тиіс және оны білім беру мекемесінің директоры бекітеді. Психологтың жұмыс уақыты бағдарлық талаптарды ескере отырып ұйымдастырылады.
Білім беру мекемесіндегі психолог жұмысы үшін табысты іс-әрекетке қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме бөлінеді.
Колледж психологы әрбір оқу жылының басында колледж педагогикалық кеңесінде тыңдалатын және білім беру мекемесінің директоры бекітетін өз іс-әрекетінің жоспарын жасайды.
колледж психологы өз іс-әрекетіне есеп жүргізіп отырады және әрбір оқу жылының соңында атқарылған жұмыс туралы есеп береді, ол білім беруді басқарудың тиісті деңгейде жалпы колледж есепке енгізіледі.
Психолог іс-әрекетіне жалпы бақылауды жоғары тұрған психологиялық қызмет, колледж директоры және педагогикалық кеңес бекітілген бағдарлама негізінде жүзеге асырады.
колледж психологы оқу орны әкімшілігінің нұсқауларын, егер олар психологтың негізгі мақсаттарына, міндеттеріне және этикалық кодексіне қарама-қайшы болса, орындамауға құқылы.
Білім беру мекемесінің психологы өз іс-әрекетін әкімшілікпен, педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен, медициналық қызметпен, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметімен, т.б. тығыз байланысты жүргізуге міндетті.
Өзінің іс-әрекетінде колледж психологы ұйымдық-психологиялық, дамытушылық, психофасилитациялық, психопрофилактикалық, психодиагностикалық және психокоррекциялық бағыттарды жүзеге асырады.
П с и х о л о г:
оқу-тәрбие үрдісінің барлық субъектілерімен жұмыс істеудің формаларын және әдістерін таңдауға, жұмыстың белгілі бір кезеңге арналған маңызды бағыттарын атап көрсетуге, жұмыстың көптеген түрлерін жүргізу кезектілігін белгілеуге;
оқу орнының басшылығына психологиялық қызметтің тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін идеялар ұсынуға;
оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жөніндегі қажетті колледж құжаттамаларын оқып-үйренуге;
оқу-тәрбие үрдісімен байланысты әр түрлі мәселелерді талқылайтын жиындар мен мәжілістерге белсенді қатысуға;
педагогикалық және колледж ұжымдарында әр түрлі психологиялық зерттеулер мен тестілер жасауға, пайдалануға, түзетуге және жүргізуге;
тәжірибелік психологияның ғылыми орталықтармен, жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен, психологиялық ассоциациялармен, психолог-практиктермен тұрақты іскерлік байланысты жүзеге асыруға;
әр түрлі конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға тәжірибе алмасу мен өз біліктілігі мен кәсібилігін жетілдіру мақсатында қатысуға;колледж әкімшілігіне, педагогтарға, ата-аналарға, оқушыларға әртүрлі психологиялық мәселелер бойынша ұсыныс-кеңестер беруге қ ұ қ ы л ы.
П с и х о л о г:
колледж психологы оқу орны әкімшілігінің нұсқауларын, егер олар психологтың негізгі мақсаттарына, міндеттеріне және этикалық кодексіне қарама-қайшы болса, орындамауға құқылы.
Білім беру мекемесінің психологы өз іс-әрекетін әкімшілікпен, педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен, медициналық қызметпен, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметімен, т.б. тығыз байланысты жүргізуге міндетті.
Өзінің іс-әрекетінде мектеп психологы ұйымдық-психологиялық, дамытушылық, психофасилитациялық, психопрофилактикалық, психодиагностикалық және психокоррекциялық бағыттарды жүзеге асырады.
П с и х о л о г:
оқу-тәрбие үрдісінің барлық субъектілерімен жұмыс істеудің формаларын және әдістерін таңдауға, жұмыстың белгілі бір кезеңге арналған маңызды бағыттарын атап көрсетуге, жұмыстың көптеген түрлерін жүргізу кезектілігін белгілеуге;
оқу орнының басшылығына психологиялық қызметтің тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін идеялар ұсынуға;
оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жөніндегі қажетті мектеп құжаттамаларын оқып-үйренуге;
оқу-тәрбие үрдісімен байланысты әр түрлі мәселелерді талқылайтын жиындар мен мәжілістерге белсенді қатысуға;
педагогикалық және мектеп ұжымдарында әр түрлі психологиялық зерттеулер мен тестілер жасауға, пайдалануға, түзетуге және жүргізуге;
тәжірибелік психологияның ғылыми орталықтармен, жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен, психологиялық ассоциациялармен, психолог-практиктермен тұрақты іскерлік байланысты жүзеге асыруға;
әр түрлі конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға тәжірибе алмасу мен өз біліктілігі мен кәсібилігін жетілдіру мақсатында қатысуға;
мектеп әкімшілігіне, педагогтарға, ата-аналарға, оқушыларға әртүрлі психологиялық мәселелер бойынша ұсыныс-кеңестер беруге қ ұ қ ы л ы.
П с и х о л о г:
Администрациямен, оқытушылармен, студенттермен, ата-аналармен бірлесе отырып, білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің табысты бейімделуі мен тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін ғылыми негізделген білім беру, тәрбиелеу, түзету,т.б. бағдарламаларды жасауға және енгізуге;
Еркін формадағы психологиялық құжаттаманы (дискеттер, үн таспаларды, перфокарталарды, т.б.) жүйелі түрде жүргізуге және сақтауға
м і н д е т т і.
2024-2025 оқу жылына колледжге қабылдау ережелері
Колледжге 9 сынып негізінде мемлекеттік тілде келесі мамандықтарға оқуға қабылдайды
Емдеу ісі (фельдшер) – ақылы негізінде
Оқу мерзімі–3 жыл 10 ай.
Мейіргер ісі (жалпы тәжірибедегі мейіргер) - ақылы негізінде
Оқу мерзімі–3 жыл 10 ай.
11 сынып негізінде келесі мамандықтарға мемлекеттік және орыс тілінде оқуға қабылдайды
Емдеу ісі (фельдшер) - ақылы негізінде
Мейіргер ісі (жалпы тәжірибедегі мейіргер) - ақылы негізінде
Фармация (фармацевт)- ақылы негізінде
Оқу мерзімі–2 жыл 10 ай.
Оқуға өтініштер қабылдау: мемлекеттік тапсырыс негізінде
25 маусым мен 15 тамыз аралығында - негізгі орта білім негізінде (9 сынып),
25 маусым мен 20 тамыз аралығында - жалпы орта білім негізінде (11 сынып)
Оқуға өтініштер қабылдау: 25 маусым мен 20 тамыз аралығында
Керекті құжаттар тізімі:
- құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
- білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
- 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген
- жеке басын куәландыратын құжат
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
Оқуға түсу емтихандары өткізілмейді!
Психометриялық тестілеу 18 тамыздан - негізгі орта білім негізінде (9 сынып) түсушілерге, 21 тамыздан - жалпы орта білім негізінде (11 сынып) түсушілерге
Психометриялық тестілеу «Жіберілді» немесе «Жіберілмеді» түрінде бағаланады.
Коммерциялық топтардағы конкурсты (ақылы оқыту) колледж жүргізеді
Студенттер қатарына қабылдау - 31 тамызда
Барлық мәліметтер біздің сайтымызда Талапкер бөлімінде.
Call орталығы – 8 7078639049
87713696485
Мекен жайымыз: Алмат қаласы, Сейфуллин көшесі, 287
6 бет. Барлығы: 12